Shinhan Finance
logo

Қарыз алушыларға ақпарат

1. Мерзімін өткізу туындаса не істеу керек

Егер қарыз алушы жеке тұлға болып табылса, онда ол микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде микрокқаржылық ұйымға баруға және (немесе) жазбаша түрде, сондай-ақ қарыз алушыны Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы сәйкестендіруді микрокқаржылық ұйымға жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері арқылы не Шартта көзделген тәсілмен өтініш беруге құқылы, ол өтініште Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың себептері, кірістері және Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы оның өтінішін негіздейтін өзге де расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс, бұл Қазақстан Республикасының «Микрокқаржылық қызмет туралы» Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң).

2. МҚҰ сіздің өтінішіңізді қалай қарайды

Сонымен бірге, Заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген қарыз алушы – жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде микрокқаржылық ұйым қарыз алушы – жеке тұлға ұсынған Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және жазбаша түрде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы немесе Шартта көзделген тәсілмен қарыз алушы – жеке тұлғаға мынадай жөнінде хабарлайды:

  1. Шарттың талаптарына енгізілген өзгерістерге келісуі туралы;
  2. Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жөніндегі қарсы ұсыныстар туралы;
  3. Шарттың талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартуы және мұндай бас тартудың себептерін негіздейтін дәлелді уәждемені көрсете отырып.

3. МҚҰ бас тартса — қайда жүгіну керек

В случаях неудовлетворения заемщиком требования микрофинансовой организации о необходимости внесения платежей по Договору, в том числе просроченной задолженности, а также нереализации заемщиком - физическим лицом прав, предусмотренных пунктом 2 статьи 9-2 Закона, либо отсутствия согласия между заемщиком - физическим лицом и микрофинансовой организацией по изменению условий Договора, в соответствии с пунктом 5 статьи 9-2 Закона микрофинансовая организация вправе применить в отношении заемщика меры, предусмотренные законодательством Республики Казахстан и (или) Договором, включая, но не ограничиваясь: передать задолженность на досудебное взыскание и урегулирование коллекторскому агентству (в случае наличия такого права микрофинансовой организации в Договоре), уступить право (требование) по Договору лицу, указанному в статье 9-1 Закона обратиться с иском в суд о взыскании суммы долга по Договору, а также обратить взыскание на заложенное имущество во внесудебном порядке, за исключением случаев, предусмотренных Законом Республики Казахстан «Об ипотеке недвижимого имущества», либо в судебном порядке.

4. МҚҰ қандай шараларды қолдана алады

Қарыз алушының Шарт бойынша, оның ішінде мерзімі өткен берешек бойынша төлемдер енгізу қажеттігі туралы микрокқаржылық ұйымның талабын қанағаттандырмау жағдайларында, сондай-ақ қарыз алушы – жеке тұлғаның Заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарын іске асырмауы немесе қарыз алушы – жеке тұлға мен микрокқаржылық ұйым арасында Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жөнінде келісімнің болмауы жағдайында, Заңның 9-2-бабының 5-тармағына сәйкес микрокқаржылық ұйым қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды, соның ішінде олармен шектелмей, қолдануға құқылы:

  • берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру (егер мұндай құқық микрокқаржылық ұйымға Шартта берілген болса);
  • Шарт бойынша құқықты (талапты) Заңның 9-1-бабында көрсетілген тұлғаға беру;
  • Шарт бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгіну;
  • сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен өндіріп алу немесе сот тәртібімен өндіріп алу.

5. Әлеуметтік осал санаттар үшін жеңілдіктер

Микрокқаржылық ұйым микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берілген кезде, Заңның 9-2-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, қарыз алушы – жеке тұлғаға қатысты микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге келісім беру туралы шешімді кемінде үш ай мерзімге қабылдайды, егер ол:

  1. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын болса;
  2. төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен болса.

6. Табыс төмендеген жағдайда келісім беру шарттары

Қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге келісім беру туралы шешім, Заңның 9-2-бабы 3-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушыға қатысты, қарыз алушы өтініш берген айдың алдындағы екі айдың орташа айлық кірісі қарыз алушы өтініш берген айдың алдындағы он екі айдың орташа айлық кірісімен немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындаумен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.