Осы «Шинхан Финанс микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - МҚҰ) Микрокредит беру туралы шартына жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі – Қарыз алушылар) тұтыну аясында көлік құралдарын сатып алуға, мүлік кепіліне және кепілсіз микрокредит беруге қосылу шарты (бұдан әрі - Қосылу шарты).

Микрокредит беру туралы шартқа қосылу шарты.

Микрокредит беру туралы шартқа Қосылу шарты стандартты болып табылады және Микрокредит беру туралы шартқа (бұдан әрі - МК шарты) қол қою арқылы жасалады. МК шартына қол қою Қарыз алушының Қосылу шартының шарттарымен толық танысқанын және оларды толық көлемде қабылдағанын білдіреді.